ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚОҒАМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ АЙҚЫНДАЙДЫ

Құқықтық мемлекет құру жолында – құқықтық саясаттың тиімді іске асырылуы, құқықтық мәдениеттің қалыптасуы және сот жүйесінің әділ қызмет етуі маңызды рөл атқарады.

Құқықтық саясат – мемлекеттің заңдылық пен əділдікті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бағыты. Ал құқықтық мəдениет қо ғамдағы құқықтық сананың деңгейін айқындайтын фактор. Осы екі элементтің өзара байланысы құқықтар мен бостандықтардың сот арқылы қорғалуына кепілдік береді.

1. Құқықтық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары. Құқықтық саясаттың табысты жүзеге асуы мемлекет пен қоғам арасындағы өзара үйлесімділікке негізделеді. Оның негізгі бағыттары мыналар: заң үстемдігін қамтамасыз ету – барлық азаматтардың заң алдында теңдігін сақтау, құқықтық тəртіпті күшейту; құқықтық реформалар жүргізу – сот-құқықтық жү йені жетілдіру, қылмыстық жазаны ізгілендіру, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту; азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру – халықтың заңналамаларды білу деңгейін көтеру, құқықтық мəдениетті насихаттау; халықаралық құқықтық тəжірибені енгізу – құқықтық жүйені халықаралық стандарттарға сай жетілдіру.

2. Құқықтық мəдениетті қалыптастыру жəне оның қоғамға əсері. Құқықтық мəдениет – заңдарды білу мен құрметтеу, құқықтық нормаларды сақтау жəне əділеттілікке ұмтылу сияқты қасиеттерді қамтиды. Оның негізгі элементтері –құқықтық сана – азаматтардың заңдар туралы түсінігі мен оларды сақтау деңгейі; құқықтық тəрбие – мектептер мен жоғары оқу орындарында құқықтық білім беруді дамыту; құқықтық жауапкершілік – азаматтардың құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытуы жəне заң талаптарын орындауы. Қоғамда құқықтық мəдениеттің жоғары болуы заң бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға жəне əділеттілікті сақ тауға ықпал етеді.

3. Сот арқылы құқықтар мен бостандықтарды қорғау. Сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын басты институт. Қазақстанда сот билігі келесі міндеттерді атқарады:

– Конституциялық бақылау – заңдар мен нормативтік актілердің Конституцияға сəйкестігін тексеру.

– Азаматтық жəне қылмыстық істерді қарау – жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың дауларын шешу, əділеттілікті орнату.

– Азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру – заңсыз шешімдерге шағымдану жəне сот арқылы əділдікке қол жеткізу. Сот билігінің тəуелсіздігі мен ашықтығы құқықтық жүйеге деген халықтың сенімін нығайтады. Құқықтық саясатты тиімді жүзеге асыру, құқықтық мəдениетті арттыру жəне сот билігінің əділ қызмет етуі құқықтық мемлекеттің негізгі тірегі болып табылады. Əрбір азамат заңдарды құрметтеп, өз құқықтарын қорғауды үйрену қажет. Бұл қоғамда əділеттілікті қамтамасыз етіп, құқықтық тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.

Ш.ИСЛЯМОВА, Өскемен қаласының əкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты əкімшісінің басшысы

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...