12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ҚАТЕЛІГІНЕ КЕШІРІММЕН ҚАРАЙЫҚ!

Таяуда Мәжіліс отырысында 13 депутат қол қойып, Ішкі істер министрі Ерлан Саденовке сотталған әйелдерге рақымшылық жасау туралы сауал жолдаған еді. Онда биыл қабылданғанына 30 жыл толғалы отырған Конституциямызда отбасы және ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады деп белгіленгені атап өтілген. Сондықтан Ауыл партиясының фракциясы сотталған әйелдердің жасаған қылмысы зорлық-зомбылық жасаумен байланысты болмаса, қоғам үшін қауіп төндірмесе, ондай әйелдерге амнистия жасау мүмкіндігін қарастырып көруді ұсынатыны атап көрсетілді.

Депутаттық сауалға бастамашы болған Қарақат Əбілдің айтуынша, сотталған əйелдерге амнистияны қолдану үшін келесі критерийлер ұсынылады: зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысы үшін сотталған; аяғы ауыр жəне кішкентай баласы бар əйелдер; көп балалы; алғаш сотталған əйелдер; жасы ұлғайған (60-тан асқан) əйелдер. Бұл мəселеде халықаралық тəжірибе жеткілікті. Мəселен, Қырғызстанда əйелдерге 1996 жылдан бері 3 рет амнистия жасалған. Өзбекстанда 2013 жылы амнистия жасалып, əйелдер мен кəмелетке толмағандар босатылды. Ресей Президенті 2023 жылы əйелдерге амнистия жасау туралы идеяны қолдады. АҚШ-тың кейбір штаттарында əртүрлі қылмыс жасап сотталған əйелдерге бірнеше рет амнистия жасалды.

«Жалпы, əйелдерге амнистия жасалса, еліміздің пенитенциарлық жүйесіне жүктеме азаяды; балалар үйлеріне түсетін жүк төмендейді; əлеуметтік шиеленіс азаяды; мемлекетіміздің адам құқықтары мен отбасыны қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды ұстанатынын растауға мүмкіндік туады. Аталған шара отбасылардың қауышуына, анасынан ажыраудың балаларға тигізетін салдарын азайтуға септігін тигізіп қана қоймай, қылмыстық саясатты ізгілендіру жолындағы маңызды қадамға айналады. Отбасы үшін, қоғам мен мемлекет үшін бұл шешімнің ұзақ мерзімді əсері оң», – деген депутат Қарақат Жақсылыққызы екі мыңнан астам сотталғанды босату бюджетті күніне 5,8 млн теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін алға тартты. Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің депутаттар сауалына берген жауабына қарағанда, бүгінгі таңда 6399 əйел қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Оның 2692-сі бас бостандығынан айыру орындарында ұсталса, 3707-сі пробациялық бақылауда. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сəйкес, ауырлығы аз жəне орташа қылмысы үшін сотталған 1220 əйел жазасын өтеуден босатылуы мүмкін. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа байланысты емес қылмыстар жасағаны үшін 2002 əйел сотталды, олардың 1766-сы алғаш рет, ал 150-і ауырлығы шағын жəне орташа қылмыстар жасаған. Өз кезегінде ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасаған 5055 əйедің жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. «Рақымшылықты қарау кезінде жасалған қылмыстың ауырлығымен қатар, сотталғандардың əлеуметтік жағдайын қосымша ескеру ұсынылады: 29 мүгедек əйел, 60 жастан асқан 243 əйел, 13 жүкті əйел, 58 жас балалары бар, сондай-ақ 226 көп балалы ана игіліктің шарапатын көруі мүмкін. Бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру жолымен (3910) өтелмеген талап-арыздары бар əйелдер үшін жазаны жеңілдету көзделіп отыр. Алайда, Конституцияның 14-бабының талаптарын ескеру қажет, оған сəйкес заң мен сот алдында барлығы тең. Ешкімді жынысына байланысты кемсітуге болмайды», – дейді Ержан Сапарбекұлы.

Министрдің сөзіне қарағанда, əлеуметтік осал адамдар санатына жататын сотталған ерлер саны 920 адамды құрайды. Сонымен қатар, бірінші рет сотталғандарды жəне зорлық-зомбылықсыз қылмыстар жасағандарды босату мəселесі жəбірленушілердің құқықтарын қорғауды ескере отырып, одан əрі талдауды қажет етеді. Осылайша, екі мыңнан астам сотталғанды босату бюджетті күніне 5,8 млн теңгеге дейін үнемдеуі мүмкін (1 сотталғанға күніне белгіленетін жалпы шығын көлемі – 2900 теңге, тиісінше жылына 2,1 млрд теңге). Бұл шара гуманизм қағидаттарын, мемлекеттің əлеуметтік саясатын қолдауды, əйелдерді бейімдеуді, олардың отбасылық құндылықтарын нығайтуды жəне балалардың құқықтарын сақтауды, сондай-ақ ҚАЖ түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің жүктемесін азайту есебінен мемлекеттік шығыстарды оңтайландыруды жəне сотталғандарды ҚАЖ мекемелерінде ұстау жағдайларын жақсартуды мақсат етеді.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды

2025 жылғы наурыз айының 11-14 аралығында «Мигрант» жедел профилактикалық...

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады. Бұл туралы...

Тоқаев жаңа маңызды тасжол құрылысы басталатыны туралы жариялады

Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің...

“Бір адам бірнеше рет алған“. Тоқаев марапаттарды ретке келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың IV сессиясында сөйлеген...

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлікті дәстүрлі мәдениет арқылы нығайтудың...