Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, инсульт пен инфаркт әлемдегі ең қауіпті он аурудың қатарында көш бастап тұр. Күн сайын шамамен 20 мыңға жуық адам осы дерттің салдарынан көз жұмады. Дәрігерлер инфарктің жастар арасында да жиі кездесіп жатқанын айтып, дабыл қағуда. Осы мәселеге байланысты біз кардиолог Гүлжан Жаңалықовамен жүрек аурулары мен дәрігерлердің мәртебесі жайлы сұхбаттастық.
– Жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуына не əсер етеді?
– Алғашқы маңызды фактор – тұқым қуалаушылық. Егер ата-анасында жүрек аурулары немесе кенеттен болған өлім жағдайлары тіркелсе, бұл балаға да берілуі мүмкін. Келесі негізгі себеп – атеросклероз. Бұл жүрек артерияларының май тіндерімен бітелуінен туындайды. Мұндай жағдайда тамырлар тарылып, ағзаға қажетті қан айналымы нашарлайды, нəтижесінде жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, миокард инфарктісі сияқты қауіпті дерттер пайда болуы мүмкін.
Сонымен қатар, жоғары қан қысымы да жүрек ауруларына себепші болады. Бұл жүрек артерияларының ішкі қабырғалары мен бұлшықеттерін зақымдап, жүрек клапандарының кеңеюіне жəне жүрек бұлшықетінің гипертрофиясына əкеледі.
Тағы бір маңызды фактор – қант диа беті. Бұл жағдайда жүрек аурулары тез дамиды, себебі қандағы қант деңгейінің жоғары болуы қанның қоюлануына, артериялардың атеросклерозды тіндермен бітелуіне жəне тамырлардың тарылуына себеп болады. Дұрыс тамақтанбау жəне семіздік те жүрекке кері əсер етеді. Физикалық белсенділіктің төмендеуі (гиподинамия) жүрекке артық салмақ түсіріп, жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін əлсіретеді. Зиянды əдеттер, əсіресе шылым шегу, алкоголь жəне энергетикалық сусындарды тұтыну жүрек тамырларын зақымдап, түрлі жүрек ауруларын тудырады. Соңғы маңызды фактор – стресс. Ұдайы күйзеліс кезінде бүйрекүсті бездері кортизол гормонын көптеп бөліп, бұл қан қысымының тұрақты түрде жоғарылауына əкеледі. Егер адам жиі күйзелісте жүрсе, жүрек-қан тамырларына қосымша жүктеме түсіп, аурудың пайда болу қаупі еселенеді.
– Қазір ЖРВИ өршіп тұрған уақыт. Жалпы, вирустық аурулар жүрекке қалай əсер етеді?
– Көп жағдайда тұмаумен, ангинамен ауырғаннан кейін дəрігерге қаралып, емделмесе, вирусқа қарсы антибиотиктерді уақытында қабылдамаса, жүректің жасушалары зақымдануы мүмкін. Вирусты инфекциялар жүректің бұлшықеті қабатын да зақымдап, миокардит ауруы туындайды. Жүректің ішкі эндокарды зақымдалған кезде инфекциялық эндокардидке алып келеді. Герпес, эпштейн барр, цитомегаловирус инфекциялары кезінде кардио миопатия ауруы пайда болуы мүмкін. Егер жүкті əйел вирусты аурулармен ауыратын болса, ішіндегі бала туабітті жүрек ауруымен туылады. Сондықтан тұмау, ангинаны уақытында емдеуден ерінбеу керек.
– Елімізде жыл сайын 5 000 сəби жүрек ақауымен дүниеге келеді. Туабітті жүрек ауруы баланың өсуі мен дамуына қалай əсер етеді?
– Иə, туабітті жүрек ақауы баланың жалпы дамуына айтарлықтай əсер етеді. Бұрын мұндай ауруларды ерте анықтау мүмкін болмағандықтан, өмір сүру көрсеткіші төмен болатын. Қазіргі медицинада жатырдағы нəрестенің жүрек қызметін бақылау мүмкіндігі бар, бұл ерте диагноз қойып, қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі. Мұндай диагнозбен туған балалардың өсу қарқыны баяулап, салмақ қосудың қиындауы, физикалық белсенділігінің төмендеуі жəне сөйлеу қабілетінің кеш дамуы жиі кездеседі. Сонымен қатар, жүрек жеткіліксіздігі бар балалар тез шаршайды, тершең келеді, тыныс алуы жиілеп, кейде ерні мен мұрын айналасында көгеру байқалады. Баланы қорғау үшін анасы жүктілік кезінде денсаулығына ерекше мəн беруі керек. Вирустық инфекциялар жүрекке зиян келтіруі мүмкін болғандықтан, алдын ала тексерулерден өтіп, жұқпалы аурулардан сақтанған жөн. Егер жоғарыда аталған белгілер байқалса, баланы кардиологқа апарып, жүрек ультрадыбыстық зерттеуінен (УДЗ) өткізу қажет.
–Жүрек ауруы адам жасына байланысты пайда болуы мүмкін бе?
– Қазір жүрек ауруы жас таңдамайды. Жаңа туған нəрес телердің де, жасөспірімдер мен ересектердің де арасында жүрек ауруына шалдыққандар бар. Сондықтан əр адам өзінің өмір сүру салтына жауапкершілікпен қарап, дұрыс тамақтануы керек. Себебі қазір ағзаңызға салғырт қарасаңыз, болашақта оның зияны балаларыңызға да берілуі мүмкін.
– «Қан қысымын түсіреміз» деп адамдар білместікпен көп жағдайда аспирин тағы сол сияқты препараттар қолданады. Бұл қаншалықты дұрыс?
– Ацетилсалицил қышқылы, яғни аспирин дəрісінің екі эф фектісі болады. Бірінші, анти агрегант, яғни қанды сұйыл татын, қабынуға қарсы дəрі. Аспиринді кардиологияда көп жағдайда жедел коронарлы синдром кезінде, миокард инфарктісі туындаған кезде қанды сұйылтып, шұғыл медициналық көмек көрсететін кезде қолданылады. Сондай-ақ жү ректің ишемиялық ауруы, стено кардия, инсульттан кейінгі жағ дайда ішілетін дəрі. Бірақ көп адам қан қысымы жоғарыласа болды бірден аспиринді, тромбопол, тромбас, кардиомагнил, аспирин кардио сияқты препараттарды ішеді. Бірақ бұлардың барлығы бір топтың дəрілері. Яғни, қанды сұйыл тады. Бұл дəрілерді қан қысымы жоғары кезде ішуге бол майды. Кез келген адамның «қаным қою» деп өздігінен ішуіне де бол майды. Тек кардиолог дəрігердің нұсқауымен қабылдауы тиіс. Ұзақ уақыт аспиринді ішкеннен мұрын нан, тік ішектен, асқазан эрозиясы мен жарасынан қан кетуі мүмкін. Соның салдарынан көп адамдарда анемия ауруы туындайды.
Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»