Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова Польша Республикасының Сенаты вице-маршалы Михал Каминскиймен кездесті

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова Польшаға ресми сапары аясында Польша Республикасының Сенаты вице-маршалы Михал Каминскиймен кездесті. «Әдебиет және көркемөнер» порталы таратқан ақпарат бойынша Түркі мәдениеті және мұрасы қоры делегациясының Польшаға барған сапары ынтымақтастық кездесулерге толы болған. Сапар аясындағы кездесулердің бірі түркі әлемі мен Польша арасындағы мәдени байланыстарды дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру және мәдени мұраны сақтау бағытында ынтымақтастық мәселелері талқыланған.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Президенті Ақтоты Райымқұлова Қордың түркі әлемінің мәдени және тарихи мұрасын сақтау мен насихаттау саласында атқарған жұмыстары, сондай-ақ Польшамен осы бағыттағы ықтимал ынтымақтастық перспективалары туралы ақпарат берді.

Польшада тұратын түркі тектес қауымдастықтар – татарлар мен қарайымдардың мәдени мұрасын сақтау және зерттеу саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сенаттың вице-маршалы Михал Каминский Польша тарихи және мәдени мұраны сақтауға үлкен мән беретінін атап өтіп, түркі әлемімен мәдени алмасуды дамытудың аясында ынтымақтаса жұмыс жасауға ниетті екендігін атап өтті.

Кездесуге Әзербайжан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісі Нәргіз Құрбанова және Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісі Әлім Кірабаев қатысқан. Кездесу тараптарды қызықтырған өзге мәселелер бойынша талқылаулармен жалғасты.

Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық...

«Бүркітші» dark-триллерінің тұсауы кесілді

Алматыда қазақстандық режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» фильмінің тұсаукесері өтті....

Сот төрелігінің ашықтығы – қоғам сенімінің негізі

Сот жүйесіне деген қоғамдық сенім – құқықтық мемлекеттің маңызды...

OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы...

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...