Қазақстандық таушаңғы туризмі жаңа деңгейге шығуда: Oi-Qaragai заманауи арқан жолдары, биік таулы трассалары және таңқалдыратын табиғи пейзаждары бар бірегей орын — Aqtas локациясын ресми түрде ашты.
Бұл оқиға Қазақстандағы бүкіл тау демалысы индустриясы үшін ерекше маңызы бар. Aqtas – бұл кәсіпкерлердің инфрақұрылымды әлемдік стандарттар деңгейінде дамытуға және халықаралық жарыстарды қабылдауға дайын екенін көрсететін кең ауқымды жоба.
Локацияға дәл қазір баруға болады.
Aqtas: арман жолындағы 15 жыл
Курорттың негізін қалаушы Ерлик Балфанбаев үшін Aqtas-тың ашылуы бұрыннан бергі арманының орындалуы болды:
“Бұл мен үшін әсерлі күн. Aqtas-ты алғаш рет 15 жыл бұрын көрген едім және сол кезде адамдар оның әсемдігін тамашалай алуы үшін бұл жерді қолжетімді ету арманым пайда болды. Бұл жердің қары қалың, сырғанау үшін керемет жағдайлар бар және біз алғашқы трассаларды салдық. Арманға жету жолы 15 жылға созылды. Көп еңбек жұмсалды, уайымдау, күйзелулер болды, бірақ жеңістер де болды. Бұл жоба көптеген адамдардың – Oi-Qaragai командасының, жобалаушылардың, құрылысшылардың, әріптестер мен жеткізушілердің күш-жігерінің арқасында жүзеге асты. Жобаның іске асуына көп адам ат салысты және достар, барлықтарыңызға көп рақмет айтамын!”
Енді бұл локация спортшылар, туристтер мен қысқы демалысты жақсы көретіндер үшін жиналу орталығына айналады.
Aqtas арқан жолдары – технологиялық жаңалық
Жобаның басты техникалық жетістігі әлемлік жетекші өндіруші Doppelmayr-дың қатысуымен салынған жаңа арқан жолы болды. Оның іске қосылуы Қазақстандағы таушаңғы инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа белестерді ашады. Жоба құрылыс мерзімдері бойынша рекордшыға айналды:
06.06.2024 бастап 01.03.2025 қоса алғандағы кезеңде екі жол салынды – 10 кісілік гондолды арқан жолы және 6 кісілік креслолы арқан жолы.
Doppelmayr-дың ресми өкілі Маркус Гайсбауэр бұл уақиғаның маңыздылығын атап өтті:
“Бұл жобаны бірге күш салып, рекордты мерзімдерде іске асырғанымызға ерекше қуаныштымыз. Doppelmayr үшн бұл осы жылдағы аса маңызды жұмыстардың бірі болды. Бізге сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз және Aqtas жолы мыңдаған адамға қуаныш сыйларына сенеміз. Арқан жолының сәтті қолданыста болуын және оны пайдаланатын адамдардың барлығына жанға жағымды әсер алуын тілейміз.”
Қазақстан таушаңғы туризмінің әлемдік картасындағы өзінің позициясын нығайтуда
Aqtas-тың ашылуы – бұл жай ғана жаңа трасса немесе көтергіш емес, бұл бүкіл тау туризмін дамытудағы стратегиялық қадам. Енді еліміздің Азия мен әлем чемпионаттарын қоса алғанда, халықаралық жарыстарды қабылдауға қабілетті тағы бір локациясы бар.
Oi-Qaragai Бас директоры Дмитрий Матяс бұл уақиғаның индустрия үшін маңыздылығын баса айтып кетті:
“Барлығын аты-жөндері бойынша атап шыққым келген, бірақ бұл кем дегенде бір сағат уақыт алатынын түсіндім. Барлық сәулетшілерге, құрылысшылар мен бұл жобаға қатысқан барша адамға шексіз алғысымды білдіремін. Мұны іске асыру мүмкін болмады, бірақ біз істей алдық!”
Әрі қарай не болады?
Aqtas – бұл жаңа кезеңнің басталуы. Жақын арадағы жылдарда бұл жерде спорттың жаңа түрлері дамытылады, қосымша трассалар пайда болады, ал Қазақстан қысқы демалыс пен спорттың заманауи орталығы ретіндегі өз беделін нығайта түседі.
Бүгін біз жай ғана Aqtas-ты ашып жатқан жоқпыз – біз қазақстандық таушаңғы туризмінің болашағын өзгертудеміз.