«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі !!!

Тараз станциясындағы Желіліп полиция бөлімінің қызметтік аумағында ағымдағы жылдың 10-14 наурыз аралығында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда. Аталған жедел-профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және «дәріхана» нашақорлығы деп аталатын аурудың таралуының жолын кесу.

Бұл шара сонымен қатар химиялық-фармацевтикалық, өнеркәсіптік субъектілерде құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттардың заңсыз айналымының алдын алуды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікте, дәріханалар мен медициналық мекемелерде және арнайы рұқсатсыз жеке медициналық практикамен және жеке фармацевтикалық қызметпен айналысатын тұлғаларды анықтау.

Сонымен қатар, Тараз ст. ЖПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлерімен «Дәрмек» ЖПІШ негізінде әуе және теміржол көлік нысандарында құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау, есепке алу, жазып беру, босату ережелерін бұзуды, олардың заңсыз айналымға кету деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Тараз ст. ЖПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...