Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік қызметтерді жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.
Бұл жұмыстың сапасын қамтамасыз ету мақсатында, ең алдымен, түрлі ақпарат көздерінен мәлімет жиналады, олар келесідей болуы мүмкін:
- қызмет көрсетушілерді жоспарлы және жоспардан тыс тексеру барысында анықталған мәселелер,
- мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін ережелер мен өзге де нормативтік құқықтық актілер,
- қызмет алушылардың шағымдары, қызмет көрсетушілердің, қоғамдық ұйымдардың ақпараты және т.б.
Мұндай анализ жасау кезінде қызмет алушылардың қызмет алуын жеңілдетуге, қызметті көрсету процессін жеңілдету, құқық нормаларының коллизиясы мен сәйкессіздігін, ақпараттық технологиялар жұмысындағы ақауларды жою сияқты бірқатар критерийлер ескеріледі.
Мысалға, 2025 жылы Агенттіктің тапсырмасымен департаменттер 5 сала, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша анализ жасады. Бұл ретте тәжірибелік әрекетті, ережелерді, ақпараттық жүйелерді зерттеу, сонымен қатар, қызмет алушылар мен берушілерден ақпарат алу арқылы ауқымды жұмыс жасалды. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді зерделеу нәтижесінде Департамент 100 аса ұсыныс дайындады және олар тиісті мемлекеттік органдардың шақырылуымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында талқыланды. Отырыста енгізілген жұмыс тобы мен мемлекеттік органдардың ұсыныстары қарастырылып, жұмысқа алынды. Осылайша, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының өкілдері «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру», «Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру» және өзге де санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірқатар мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін қысқарту бойынша ұсынымдарды қолдады. Сонымен бірге, халыққа медициналық көмек беру, денсаулық сақтау саласында рұқсаттар беру салаларындағы мемлекеттік қызметтерге қатысты ұсыныстар дайындалды.
Департаменттердің ұсыныстары Агенттіктің ұйымдастыруымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен жиналыста талқыланды. Келіп түскен ұсыныстарды талқылағаннан кейін, олар ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне әрі қарай жұмыс жасау үшін жолданды.
Мемлекеттік қызметтерді сараптау және жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты түрде жіргізілуде және бұл жұмыс бюрократияны азайту мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталады. Енгізілген ұсыныстардың орындалуы Агенттіктің бақылауында екенін айта кеткен жөн, ол бойынша мониторинг жүргізу мақсатында түрлі шаралар, соның ішінде орталық атқарушы органдардың қатысуымен онлайн-кеңестер жүйелі түрде өткізіледі.
Әлімхан Шынарай Әлімханқызы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша
Департаментінің басшысы