Погон таққан әйелдер туралы

Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінде 60-қа жуық әйел қызметкер қызмет атқарады, әрбір қызметкер отбасы мен жұмысты біріктіріп қатар алып жүруде. Әр қамқор ана, ошақ сақтаушы таңмен баласын балабақшаға немесе мектепке апарып, жұмысқа келіп қызметкер формасын киіп, жасақ бастығы, жедел және тәртіп бөлімінің қатал жедел уәкілі ретінде қызмет атқарады. Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде барлық әйелдер ер қызметкерлермен тең болып, қызмет атқарып келеді, олар да түрлі саптық жинаумен , «дабыл»бойынша жинауға қатысады. Мысалға арнайы бөлімнің бастығы Светлана Анатольевна Голикова сияқты,көптеген қызметкерлер қызмет жолын 19 жасында бастаған,
Светлана Анатольевна 1980 жылы Семей облысы Чалобай ауылында дүниеге келген, 1999 жылы колледжді бітірген соң, оған техник — геодезист біліктілігі берілген. Бірақ жас қыз мамандығы бойынша жұмыс істемей, 2000 жылы бастапқы даярлық курстарынан өтіп, 2001 жылы ШҚО бойынша ІІБ ОВ-156/19 мекемесінде қызметке режим және күзет бөлімінің бақылаушысы болып қабылданады, бақылаушы лауазымында бес жыл жұмыс істегеннен кейін Светлана ШҚО бойынша ҚАЖ ОВ-156/21 мекемесінің колония бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары болып тағайындалады. 2006 жылы атқарған қызметінде ерекшеленіп, сол мекеменің жедел бөліміне ауыстырылды, сол жылы оның үлкен ұлы Руслан дүниеге келді, бір ұл тәрбиелеп отырған әйел карьералық баспалдақпен көтеріліп, жұмысын жалғастырды. 2010 жылы ол екінші ұлы Тимурды дүниеге әкеліп екінші рет ана атанды , 2012 жылы Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Осы салада 25 жыл қызмет атқарған Светлана Анатольевна адал және мінсіз қызметі үшін көптеген марапаттарға ие болған.
Қазір ол өз мамандығын таңдағанына еш өкінбейді, Светлана Семей облысында әйелдерге арналған түзеу мекемесінің ашылғанына куә болды,ол бірінші болып мекемеге алғашқы жазасын өтеуге келген сотталғандарды қабылдап, өз міндеттерін атқарған.
Бұған дейін сотталғандармен жұмыс тәжірибесі болмағандықтан, жас қызметкер ретінде маған бәрі қызық болды, сол кезде мен бұл таңдаудың менімен ұзақ уақыт қалатынын білдім, — деп бөлісті Светлана Анатольевна.
Қазір мекемеде жұмыс істей отырып, жас қызметкерлермен өз тәжірибеммен және біліміммен бөлісіп, қазір 19 және 15 жастағы екі ұлымды, отансүйгіштік сезімдерін және Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, тәрбиелеп отырмын,олар жас кезінен бастап қазақ дәстүрлерін сақтап және мектепте мемлекеттік тілде оқып келеді, — деп бөлісті Светлана Анатольевна.

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...

Оказана благотворительная помощь со стороны службы пробации Аягозского района

В рамках священного месяца Рамазан службой пробации Аягозского района...