№10 мекемесінде жұмыс кездесуі өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты – үшжақты меморандумға қол қою және сотталғандарға арналған қысқа мерзімді оқыту курстарын енгізу мәселесін талқылау.

Кездесуге қатысушылар: Қарасай ауданы «Атамекен» РКПФ директоры Орынбасар Жанаділ, «Зияткер» ЖШС өкілі А. Жилкибаева және Халықты жұмыспен қамту орталығының жетекшісі М. Нысанбаева.

Кездесу барысында сотталғандарды кәсіби даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. Ерекше назар қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай келетін заманауи білім беру бағдарламаларын енгізуге аударылды.

Іс-шараның соңында қатысушылар сотталғандармен ашық диалог жүргізіп, олардың білім алуы мен әлеуметтік бейімделуіне қатысты өзекті мәселелерді қарастырды.

«Осы меморандумға қол қою заманауи білім беру бағдарламаларын енгізуге мүмкіндік береді, бұл сотталғандарға сұранысқа ие дағдыларды игеруге және босатылғаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуге көмектеседі. Біз білім беру және еңбек орталықтарымен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырамыз, осылайша сотталғандар үшін қолжетімді курстар мен мүмкіндіктер аясын кеңейтеміз», – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Нұржан Тоқтамысов.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...