Алматы облысында сотталғандар Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесінде қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Мен қайта ораламын» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараны мекеменің тәрбие жұмысы бөлімі ұйымдастырды.

Әдеби кеш аясында сотталған азаматтар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның шығармашылығына арналған көркемсөз байқауына қатысты.

Қатысушылар Мұқағалидің шығармаларындағы терең мағына мен көркемдікті жеткізуге тырысты. Байқау барысында сотталғандар ақынның жүрек тебірентерлік өлеңдерін нақышына келтіре оқып, өздерінің әдебиетке деген сүйіспеншілігін паш етті.

«Мұндай рухани-мәдени шаралар сотталған азаматтардың ішкі жан дүниесін байытып, оларды әдебиетке, өнерге баулу арқылы оң өзгерістерге жетелейді. Сонымен қатар, Мұқағали шығармашылығының мәңгілік құндылықтары арқылы олардың рухани түлеуіне ықпал етеді»,- деп атап өтті мекеме бастығы Ғалибек Төлепберген.

Шара соңында үздік деп танылған қатысушылар арнайы грамоталармен марапатталды.

«ҚАЖ мекемелерінде осындай іс-шараларды өткізу сотталғандардың мәдени және рухани дамуына септігін тигізіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне оң әсерін тигізеді»,- деп бөлісті ҚАЖД бастығының орынбасары Магнис Сабиров.

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...

Оказана благотворительная помощь со стороны службы пробации Аягозского района

В рамках священного месяца Рамазан службой пробации Аягозского района...