«Алғыс айту» мерекесі қарсаңында әйелдер колониясының қызметкерлері 89 жастағы Батыр анаға барды

89 жастағы Батыр ана Тұрғанбаева Қайныш Зиядайқызы 1936 жылы 23 маусымда Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе ауылында дүниеге келген.
Қайныш апа 15 жасында ауыл тұрғынына тұрмысқа шығып, 16 жасында ана атанды. Некеде олардың сегіз ұлы мен бір қызы болды. 41 жасында Қайныш апамыз жесір қалды және өмірін толығымен балаларға арнады.
— Күйеуім қайтыс болғаннан кейін маған өте қиын болды. Мен жас едім, балаларымды өсіру үшін бірнеше жұмыс істедім. Балаларға әрқашан кез-келген жағдайда бір-бірін қолдау керек екенін айтып отыратынмын.Үш ұлымнан айрылып, өмірдегі қиындықтардан аман өттім. Өз отбасымда жылулық пен бірлікті сақтауға тырыстым.Балаларым менің қанаттарым, тірегім мен байлығым, — деп бөлісті Қайныш апа.
Бүгінде Қайныш Зиядайқызының алты баласы, он сегіз немересі және жиырма бес шөбересі бар.
-Біз батыр аналарға, көп балалы аналарға отбасылық құндылықты сақтағаны үшін, қажымас еңбегі, шексіз шыдамдылығы мен рухани жомарттығы үшін алғыс айтамыз,-деп құттықтады мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...