«Ана тілі» мерекесіне орай мерекелік концерт өтті

Тіл қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Тіл —ең ұлы қару. Тіл ең асыл құндылық. Тіл ең керемет қатынас құралы, —демекші, бүгін 21 ақпан халықаралық «Ана тілі» мерекесіне орай, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен қалалық «Достық үйінде» мәдени мерекелік концерт өтті.
Концертке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен студенттер өз ана тілінде ән айтып, өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

ҚАЖД №60 мекемесінен «Ана тілі» тақырыбында сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны Тлеубекова Толқынай жиналған қауымға керемет ой саларлық поэзиясын жатқа оқыды.

Іс—шара барысында көрермендердің тілге деген махаббаты мен сүйіспеншілігі ерекше көзге түсті. Тіл—біздің асыл қазынамыз, тарихымыздың тамыры. Тіліміз дамып шырақтай берсін. Ана тілі мерекесі құтты болсын!

№60 мекеме баспасөз қызметі

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...

АЛМАТЫДАҒЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА МЕШІТ ИМАМЫ КІТАП ОҚУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға,...