Еңбегі ерен еріктілер

Қоршаған ортаны қорғауда еріктілер қызметінің маңызы артып келеді. Олар табиғатты қорғау, қала тазалығы және экологиялық жобаларды жүзеге асыру бағыттарында белсенді жұмыс істейді.

Алматыда еріктілер тұрақты түрде экологиялық бастамаларға атсалысып, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуда. Олар қала көшелері мен саябақтарын тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Экологиялық жәрмеңкелер мен қайта өңдеу акциялары да халық арасында үлкен қолдауға ие болуда.

Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің мәліметінше, қалада 50 000-нан астам ерікті жұмыс істейтін 30-дан астам ұйым бар. 2024 жылы олар 800-ден астам экологиялық және әлеуметтік шаралар ұйымдастырып, қоршаған ортаны қорғауға белсене атсалысты.

Еріктілер тек табиғатты қорғап қана қоймай, қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруға да ерекше назар аударады. Олар тұрғындарға экологиялық өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіретін тренингтер өткізеді. Сонымен қатар, «Recycle Birge» және «EcoHub» секілді ұйымдар экологиялық акциялар ұйымдастырып, халықты табиғатты қорғауға шақыруда.

Ерікті болу – қоғамға пайдалы іс атқару ғана емес, қоршаған ортаға жанашырлық таныту. Алматы еріктілері экологияны жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып келеді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...