Президент сөзі – бар салаға бағдар

Жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беруді жақсы дәстүрге айналдырып келеді. Бұл үрдіс – Президенттің халыққа жақын екенін, өз жұмысын ашық, жария көрсетуді мақсат ететінін көрсетеді.

«Ана тілі» басылымында жарияланған сұхбатта көпшілік көкейінде жүрген көптеген сауалдарға Президент бүкпесіз, жан-жақты жауап берген. Сонымен бірге, әр салаға қатысты дереу шешілуі тиіс мәселелер туралы айтып, көңіл бөлуді қажет ететін сұрақтарды назардан тыс қалдырмаған. «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» деген тақырыппен шыққан сұхбатта елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси дамуына заң мен тәртіптің ықпалы мен әсерінің зор екені тыңғылықты баяндалған.

«Заң үстемдігі – демократияның ең биік шыңы. Бұл мақсатқа жету оңай емес. Ең алдымен, әділдік барлық елде және барлық заманда халықтың қалауы болғанын айта кеткен жөн», – деген Мемлекет басшысы заң үстемдігін орнату үшін бұған дейін жасалған, алдағы уақытта қолға алынуы тиіс нақты бағыт-бағдарды санамалап көрсетіп берді. Рас, жаңа Қазақстанды, әділетті Қазақстанды орнықтыру үшін көптеген игі бастамалар жүзеге асырылды. Соның ішінде сот жұмысын жақсартып, судья тәуелсіздігін нығайту үшін бірқатар заңнамалық құжаттар дайындалып, заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Биылғы жылы қолданысқа түскелі отырған дербес кассациялық соттар да Президент тапсырмасына сай қолға алынған іргелі бастаманың бірі. Кассациялық соттар – азаматтардың құқығы мен бостандығын Конституцияға сай сапалы, мінсіз қорғаудың кепіліне айналмақ.

«Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет. Онда азаматтардың бәрі заң алдында тең болады, заңдарды, ережелерді және нормаларды қатаң сақтай отырып, жалпыға бірдей мүмкіндіктерді толық пайдалана алады», – деді осы сұхбатында Мемлекет басшысы. Шындығында, бәріміз Қазақстанның әділеттілік бесігі, татулық пен тыныштықтың мекені болғанын қалаймыз. Ал мұндай жетістікті құқықтық саладағы, сот алаңындағы сапалы жұмыстан бөліп қарау мүмкін емес.

Басқа құрылымдармен салыстырғанда, сот саласында жыл сайын жаңа реформалардың жасалып, түрлі бастамалар мен жобалардың енгізілуі осы әділетті мемлекетті қалыптастыру қағидасыммен өзектес. Осы ретте Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіпті» – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты ретінде белгілеп отыр. Өйткені «Заң мен тәртіп» – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, өркендеген мемлекет ете алмаймыз.

Міне, сондықтан да баршамыз әділетті мемлекет қалыптастырудың әліппесін өзімізден, отбасымыздан бастауымыз керек. Мазмұнды сұхбатта мақсат етілген дамыған, өркениетті елге жету сіз бен біздің заң мен тәртіпті сақтауымызға, құқықтық орта орнықтыра алуымызға тікелей байланысты.

Э.Акбаев,

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...