Колонияда сотталғандар имам-теологпен кездесті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №14 мекемесінде «Ақниет» қоғамдық қорының имам-теологы Рүстем Молдахметов дін ұстанушы сотталғандармен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында имам-теолог жиналғандарға ислам дінінің Әбу Ханифа мәзһабы туралы дәріс оқып, оның негізгі қағидаларын түсіндірді.

Мекемеде мұндай кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастырудың басты мақсаты – терроризм мен діни экстремизм идеологиясын ұстанатын сотталғандарды радикалды көзқарастардан арылту, олардың дұрыс діни түсініктерін қалыптастыру.

Жалпы, ҚАЖ мекемелерінде психологтар, теологтар және имамдар өткізетін осындай кездесулер жазасын өтеушілердің діни сауаттылығын арттырып, олардың діни көзқарастарын оң арнаға бағыттауға зор ықпал етеді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...