Ауған соғысы ардагерлерін еске алу бағытында сотталғандар арасында спорттық іс-шара

Биыл Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толды. Бұл күні Ауған соғысында ерлік көрсетіп, құрбан болған жандардың есімі ардақталып, рухына тағзым етіледі.
Соған орай бүгін №60 мекеменің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары бөлімі қызметкерлері мен №6 кешкі мектеп мұғалімдері бірлесіп, Ауған соғысы ардагерлерін еске алу бағытында сотталғандар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырды.
Іс шараның мақсаты Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің ерліктерін дәріптеу, соғыс қасіретін ұғындыру, отан қорғаудағы азаматтардың міндетін асқақтату.

Мерекелік күндерге байланысты мұндай спорттық шаралар жиі өткізіледі. Өйткені, сотталған азаматтардың салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол. Осындай іс-шаралар, оларға серпін беріп, алдағы уақытта қателікке бой алдырмай, қоғамда өз орны бар мемлекетіміздің азаматы болып шығуына игі әсері бар.

Іс—шара барысында шахмат, чашка, гир көтеру сынды ойындардан жарыс өткізіліп, сотталғандар жарысқа белсеніп, қызығушылықпен қатысты.

«Он жылға созылған соғыста қайтпас қайсарлық, беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен жауынгерлеріміздің біразы туған жеріне оралмады. Сол тұстағы жас жігіттер жауынгерлік, азаматтық борышына адалдық танытып, ауған даласында қайсарлық пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Біздің жауынгерлер үшін де үлкен өмір сынағы болды.Жалындап тұрған жас шағында мыңдаған азаматтар жат елде жан тапсырып, тірі қалғандар майданнан түрлі жарақатпен оралды. Осындай орны толмас қасіреттерге толы күндер ел есінен мәңгі ұмытылмайды. Отан алдындағы азаматтық борыштарымызды абыроймен атқарып, елімізге адал қызмет етейік.-деді тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы Абдолла Нағашыбекұлы қорытынды сөзімен.

Шара соңында соғыс жылдары қаза тапқан батыр ардагерлерге тағзым етілді.

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...

Оказана благотворительная помощь со стороны службы пробации Аягозского района

В рамках священного месяца Рамазан службой пробации Аягозского района...