Қармақшы ауданында «Есепте тұрған тұлғалар» профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Пробация есебінде тұрған азаматтардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Есепте тұрған тұлғалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында пробация қызметкерлері есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жері мен жұмыс орындары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, полиция бөлімінің криминалистикалық тобымен бірлесіп, азаматтардың саусақ іздері алынып, жеке деректерін тіркеу жұмыстары жүзеге асырылды.

Тексеру барысында жазаны өтеу тәртібін бұзған 3 азамат анықталып, оларға тиісті ескерту шаралары қолданылды.

Осындай алдын алу шаралары пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етіп, құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...