“Полицей, әжемді тауып беріңізші”: Қызылордада ҚАЖ қызметкері адасып қалған балақайды әжесіне табыстады

Қызылордада ҚАЖ қызметкері адасып қалған бүлдіршінді байқап, әжесіне аман-есен табыстады.

Қызылорда қаласында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері Нұргүл Алыбаева көшеде жылап тұрған кішкентай баланы байқап, оның адасып қалғанын бірден түсінді. 5 жасар бүлдіршін әжесін дәріхананың алдында күтіп тұрған еді. Алайда ойынға беріліп, байқамай сыртқа шығып кетіп, әжесінен көз жазып қалған. Жағдайды жылдам саралаған Нұргүл балаға жылы сөздер айтып, сабырға шақырды. Ол бүлдіршіннің аты-жөнін, әжесінің кім екенін анықтап, бірден 102 нөміріне хабарласты. Ал бұл кезде немересінен көз жазып қалған әжесі жанұшыра оны іздеп, алаңдап жүр еді. Кенет көшеде ҚАЖ қызметкерінің қолынан аман-есен немересін көргенде, көңілі орнына түсіп, көзіне жас алды.

— Бір сәтте немеремді таппай қалдым. Көзді ашып-жұмғанша… Қанша іздесем де, таба алмадым, қатты қорықтым. Ал Нұргүл қызым оны аман-есен тауып, жанынан бір сәтке де алыстамаған. Осындай қамқор жандарға алғысым шексіз. Қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, — деп балақайдың әжесі ризашылығын білдірді.

Бұл оқиға қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің тек құқық қорғау саласында ғана емес, қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Жауапкершілік пен мейірімділік – әр азаматқа үлгі болар қасиет.

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...

Оказана благотворительная помощь со стороны службы пробации Аягозского района

В рамках священного месяца Рамазан службой пробации Аягозского района...