«Мықты денсаулық пен ұмытылмас эмоция»: шаңғы инструкторының хоббиі қалай кәсібіне айналды

«Шаһар шырайы» жобасында балалар мен ересектерге шаңғы әлемінің есігін ашқан жас нұсқаушының хикаясы

Almaty TV-де «Шаһар шырайы» атты арнайы жобасын бастады.

Жобаның басты мақсаты – өмірін сүйікті ісіне арнаған жұмысшылардың қоғамда еңбексүйгіштік пен кәсібилік идеясын насихаттап жүрген еңбегін көрсету.

«Шаһар шырайы» жобасының жаңа кейіпкері – тәжірибелі инструктор Олжас Мынбаев. Ол осы салада 7 жылдан бері жұмыс істейді. Ол шаңғы спортын  арнайы мектепте оқып, инструктор куәлігін алады.

«Балаларды оқыту барысында олардың бойында қорқыныш сезімі мен сақтану инстинктің жоқтығын байқадым, бұл оқу процесін жеңілдетеді. Балалар ақпаратты тез меңгеріп, жаңа техникаларды қуана қолданып көреді. Ал ересектерге, әдетте, күрделі, себебі олар құлаудан қорқады және оларға оқу үшін көбірек уақыт қажет.

Сондай-ақ Алматы жастарына денсаулықты сақтау мәдениетінің маңызын атап өткім келеді. Шаңғы мен сноуборд секілді спорт түрлері тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, ұмытылмас эмоция мен әсер сыйлайды. Бізбен бірге белсенді демалыс әлемін ашыңыз!», – деді «Шымбұлақ» шаңғы мектебінің инструкторы Олжас Мынбаев.

Айта кетейік, 2024 жылы Алматы халықаралық газет-журналдарда аймақтық туризм орталығы ретінде танылып, 1,7 миллионнан астам туристі қабылдады. Қала әлемнің ең үздік 10 туристік бағытының қатарына әрі шаңғы курорттарының үздік бестігіне енді.

Еске салайық, Almaty TV арнасында «Made in Almaty», «Алматы көшелері», «Экономика жаңалығы» және «Қала тынысы» сынды бірқатар жаңа бағдарлама мен жаңалықтар айдарлары эфирге жол тартты. Сонымен қатар алдағы уақытта «Алматы аудандары» және «Кері байланыс» жобаларын шығару жоспарда бар. 

«Шаһар шырайы» жобасының алдыңғы кейіпкерлері: экоблогер Меруерт Салыкова, Алматы метрополитенінің электродепо маманы Мади Асаубаев, құрылысшы Кадырбек Ижанов және «Алматы тазалық» механизаторы Дастан Жакия.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...