Кассациялық соттың құрылуы

   Бүгінде сот жұмысының сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде жаңа сот сатысы – кассациялық сот сатысы қолданысқа енеді. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына   2024 жылдың 5 шілесінде 109-VIII Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен үлкен өзгерістер енгізілді. Онда  жаңа сот сатысы- кассация туралы енгізілген.

     Кассациялық сот-бұл жоғарғы сот инстанциясы, басты мақсаты-сот шешімдерінің заңдылығын қайта қарау.

     Президентіміз 2023 жылдың 12 қыркүйегінде өткен еліміздің  бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесу барысында дербес кассациялық инстанция құру мәселесіне тоқталған еді. Бұл барлық іс санаттарының кассациялық тәртіпте  қайта қаралуына мүмкіндік жасау үшін енгізілген өзгеріс. Бұл өзгеріске дейін кассациялық сот сатысы Жоғарғы Соттың құрамында болды.  Кассациялық сот алқасы өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайтын. Осындай шектеулерге байланысты азаматтардың конституциялық құқықтарын қолдануына өз кедергісн келтірді. Кассациялық сот – сот төрелігін іске асыру барысында заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды, сот практикасын зерделейді.

     Кассациялық сот құру мәселесі кәсіпкерлердің, заң қоғамдастығының, әртүрлі сала мамандарының ұсынысымен өзекті болып, қоғам қызығушылығын арттырды.

     Бұл реформа сот жүйесінің тиімді жұмыс жасауына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына және сотқа деген сенімділігін арттыруына үлкен ықпалы бар.

Смагулова Жансая Ондалиевна, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы-сот отрысының хатшысы

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...