Бас бостандығынан айырумен бас бостандығын шектеу түріндегі жаза шарасы ауыстырылды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бірнеше рет бұзған, сот жүктеген міндеттерді орындамаған, ол үшін 2 жыл 8 ай 16 күн мерзімге бас бостандығынан айырумен бас бостандығын шектеу түріндегі жаза шарасы ауыстырылған «Н» сотталған адамға қатысты Астана қаласы Нұра ауданының пробация қызметінің ұсынысы қаралды. Аталған ашық сот отырысы Нұра ауданының пробация қызметінің тәуекел тобындағы есепте тұрған сотталғандардың қатысуымен өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты қайталама қылмыстар жасау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ сотталғандар арасында құқықтық тәртіпті қалыптастыру болып табылады.

Аягоз Баймурзина
Служба пробации района Нура

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...