Қызылордада сотталған азаматтарға құқықтық кеңес берілді

Бүгін Қызылорда қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемеде сотталған азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында арнайы кездесу өтті.

Іс-шараға Қызылорда қалалық прокуратурасының аға прокуроры Медешов Жанболат Рахатович, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Узакович, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Садуов Дәурен Ғалымұлы, Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ұзақбай Оразгелді және басқа да мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, кездесуге Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Жамалбек Асқар Мұсабекұлы да шақырылды.
Кездесу барысында сотталған азаматтар құқықтық мәселелер бойынша мамандардан кеңес алып, өз сауалдарын қойды. Олардың кейбірі жазасының өтелмеген бөлігін жеңілдетілген түрге ауыстыру, денсаулық жағдайына байланысты қарастырылатын жеңілдіктер және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы сұрақтар қойды. Мамандар барлық сұрақтарға толыққанды жауап беріп, заңнамалық нормалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу сотталған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың заңды құқықтары мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі осындай іс-шаралар сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне оң әсер ететінін атап өтті.

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...