Полицейлер жас достарына кітап сыйлап, әдеби мұраларды құрметтеуге шақырды

Түркістан облысының тәртіп сақшылары өздерінің қауырт қызметтерінен бөлек әрбір мерекеде игі іс атқаруға тырысады. Мәселен бүгінгі «Халықаралық кітап сыйлау күні» аясында, Арыс ауданының полицейлері Ә.Жанкелдин атындағы мектепке арнайы барды.
Мерекенің қағидасы бойынша оқушыларға «Қазақ ертегілері» кітаптары мен кеңсе заттарын сыйлады. Осы арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға үлес қосты. Жас достарын әдеби мұраларды құрметтеуге, насихаттауға шақырды.
Өз кезегінде полицейлер оқушыларды кітап оқуға ынталандырып, қағаз кітап әрқашан құнды сыйлық болып қала беретінін ұғындырды. Кітаппен достасу — адамды рухани байытып қана қоймай, оның ой- өрісін кеңейтетінін тілге тиек етті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...