Ағымдағы жылдың ақпан айының 10 жұлдызынан 23 жұлдызы аралығында «Есепте тұрған тұлғалар» атты Республикалық жедел-профилактикалық іс- шаралар өткізілуде.
Қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында Меркі аудандық пробация қызметі , АПБ ЖПҚБ УП инспекторларымен және Меркі аудандық прокурорларымен бірлесіп бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Іс шаранын негізгі мақсаты пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды қоғамға қайта қосу, қайта қылмыс жасамауын қадағалау болып табылады. Мысалы: сотталғанды есепке алған күннен бастап пробация қызметкерлері жаза өтеушілерге өтеу тәртібі мен шарттарын толық түсіндіріп, сотталғанға қатысты әкімшілік құқық бұзбау туралы және қайта қылмыс жасамау туралы заңды талаптарға бағынбау сияқты бірнеше әңгіме сұхбат жүргізеді.
Қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың тарапынан болатын құқықтық бұзушылықты және қылмыстың қайталануың уақытылы анықтау үшін, оларды тұрғылықты жері, әкімшілік деректер базасы және Ішкі Істер органдарының басқа да есептері бойынша тексереді.
Сондай-ақ аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жаңадан зерделеп, іздеуде жүрген сотталғандарды мекенжайы бойынша АПБ-нің ЖПҚ-мен бірлесіп тексеру, оларға оңды ықпал жасайтын ата-анасы және басқа да тұлғалар мен сұхбат
жүргізіп жақын адамдарының, туыстарының қайта қылмыс жасамауына олардың ықпал ететіндігі тұралы сұхбат жүргізіледі.
Сотталғандар тарапынан орын
алған құқық бұзушылықтар мен жаза өтеу тәртіптерін бұзу фактілер анықталған жағдайда, оларға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолдану деген сияқты түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Аудандық пробация қызметінің жұмысын нығайта жүргізу бойынша қайта қылмыстың алдын алу іс- шаралар жұмысы жиі өткізілсе, сотталғандар тарапынан қайта қылмыс жасау фактілері азайып, қоғамға қайта бимделеді деген үміттеміз.