Алматы облысында дәрігерлер өте ауыр жағдайда түскен жүкті әйелді аман алып қалды

Алматы көпсалалы облыстық ауруханасында дәрігерлердің өзара шұғыл әрекет етуінің арқасында 42 жастағы жүкті әйелді аман алып қалды. Мамандар Іле аудандық ауруханасынан жүктіліктің 32-ші аптасында ауыр жағдайда түскен әйелге шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.

«Жүкті әйелде преэклампсия және HELLP синдромы анықталған болатын. Бұндай жағдайда бірнеше сала мамандары бірлесе әрекет етіп, шұғыл отаны төрт мәрте жасады. Бұл жерде науқаста көптеген асқынулармен, сепсис, органдардың дұрыс жұмыс жасамауы науқастың жалпы жағдайының ауырлауына әкелді. Операция кезінде толық хирургиялық гемостаз және ішкі мықын артерияларын байлау жүргізілді, бірақ науқастың жағдайы үлкен алаңдаушылық туғызды»,-дейді облыстық аурухананың акушерлік гинекология және перинатология орталығының директоры Гүлжахан Жұмадуллаева.

Операциядан кейін үшінші күні акушерлік, реаниматология және гепатология саласындағы сарапшылардың қатысуымен телемедициналық кеңес жүргізілді.

«Барлық қиындықтарға қарамастан, медицина қызметкерлерінің табандылығы мен кәсібилігінің арқасында оң нәтижеге қол жеткізді. Бірнеше сала мамандары заманауи тәсілдерді қолдана отырып, ана мен баланың өмірін құтқарып қалды. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы жақсарып, үйіне отбасына аман-есен оралды»,-деп толықтырды Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...