12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заң саласының қара нары

Алматы қаласы  Қылмыстық-Атқару Жүйесі Департаментінің  №11  мекеме бастығының жедел жұмыс, режим және күзет жұмыстары жөнідегі орынбасары болып, қызмет  атқарып жүрген Керебаев Нурлан Серикович  жайлы болмақ. Керебаев Нурлан Серикович 07.01.1988ж. Алматы қаласында дүниеге келген. 2005ж. Алматы қаласындағы Заң колледжін бітіріп, 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің заңтану мамандығын алды. Алғашқы еңбек жолын өз қалауымен  Алматы қаласы ҚР ІІМ-де таңғлымдамадан өтіп, Алмалы ауданы ІІБ учаскелік полиция инспекторы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің тағылымдамашысы болып 2009 жылдан қызметін бастады.

2009-2012ж. Алматы қаласы ІІД Алмалы ауданының аудандық полиция инспекторы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінде қызмет атқарды. Одан 2012-2016ж. Алматы қаласы ІІД Алмалы ауданының ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің профилактикалық қызмет бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік инспекторы қызметін атқарды. 2016-2017ж. Алматы қаласы ІІД Алмалы ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, 2017-2018ж. Жеке құрам бойынша инспекция инспекторы (Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімі тобының құқықтарында) 2018-2019ж. Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ кадр жұмысы бөлімінің жеке құрам бойынша инспекциясының аға инспекторы және 2020-2021ж. Мақан Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының жеке құрам инспекциясының инспекторы 2021-2022ж. ҚР ІІМ ҚАЖК Алматы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесінің  қауіпсіздігі тобының жедел уәкілі, 2022-2023ж.    ҚАЖК Алматы қаласы және Жетісу облысы бойынша  ҚАЖД №72 мекемесінің  қауіпсіздігі тобының аға жедел уәкілі қызметін атқарды. 2024ж-2025ж. Алматы қаласы ҚАЖ Департаментінің  №11  мекеме бастығының жедел жұмыс, режим және күзет жұмыстары жөнідегі орынбасары болып қызметін атқаруда. 2020 жылы Керебаев Нурлан Серикович Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен екінші дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» кеуде төсбелгісімен марапатталды.          Осы кезге дейін мінсіз қызметі үшін департамент бастығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. Осы марапаттың барлығы оның қызметіне деген адалдығы мен уақытпен санаспай, тынбай еңбек еткені үшін берілген. Нұрлан Серікұлы өзіне біраз ауыртпалық әкелетін қиын да  қызықты жұмысына қарамастан, таңдаған мамандығына адалдық танытып, қажырлы қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда әділет подполковнигі Нұрлан Серікұлы бөліміндегі қызметкерлердің жүйелі, тыңғылықты, нақты жұмыс атқаруына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да  тәжірбиесі мол азамат бүкіл ұжым алдында алдында беделді. Мекемеге жаңадан келген тыңдаушыларға да тәлімгер ретінде білгенімен бөлісіп, жол көрсетіп отырады.    Темірдей тәртіпке төселген әділет подполковнигі мінсіз еңбегі үшін Қазақстан полициясының 20, 30 жылдық мерекесінде ҚР-ның «Полиция» төсбелгісімен марапатталған. №11  мекеме бастығының жедел жұмыс, режим және күзет жұмыстары жөнідегі орынбасары әділет подполковнигі  Нұрлан Серікұлы қызмет барысында заңмен тәртіпті сақтай отырып, сотталғандардың қашып кетпеуін, ауысым қызметкерлерін қырағы қадағалап, нұсқау беріп отырады. Кезекші бөлімде кезекші орынбасарларының бейне бақылау жүйесі арқылы бүкіл мекеменің аумағындағы қозғалыстарды қадағалайды. Бос уақытында қызметкерлермен бірлесіп спортпен айналысады.  

 2024жылығы 11 қазандағы ҚР ІІМ №605 ж/қ Керебаев Нұрлан Серікұлы «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»          Министр полиция генерал-лейтенанты Е.Саденовтің медалімен марапатталды. Қызмет барысында Нұрлан Серікұлы жіті қырағылығымен, адалдығымен қызметкерлерге деген әділ көзқарасымен көпке үлгі,өзіне сенімді.Өз ісіне деген жауапкершілігі мамандығын құрметейтін ісіне адал азамат екендігін көрсетеді. Сондықтан да қызметкерлердің жұмыс барысына жоғары талаппен,нық шешімдермен қарайды.      

   Еліміздің тыныштығына, қауіпсіздігіне үлес қосып жүрген азаматтың өмір жолы, ұстанымы жастарға үлгі болары сөзсіз.

Қай салада болмасын, өз ерік-жігері мен халыққа қызмет етуде сарп етіп жүрген Отан қорғаушы ұлдармызға сенім мол. Құқық қорғау саласында заң мен тәртіп, ережелерін сақтап, тыныштықты кірпік қақпай күзетіп жүрген азаматтарымыз бар екенін мақтан ете аламыз.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрақтылық пен тыныштық жолында қызмет етіп жүрген ержүрек полицей азамат тек биік белестерден көріне берсін дейміз.  

                                               №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Ана тілінен айырылған ұлт — тарихынан айырылған ұлт

Қазақстан Республикасындағы титулды ұлт қазақ халқының ана тілі-қазақ тілі...

Бірқатар мамандар марапатталды

Жақында ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еңбек иелеріне...

Президент сөзі – бар салаға бағдар

Жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарына...

Cәбиге мейірімін төккен неоанатолог дәрігер марапатталды!

Бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіде тараған бейнекөрініс жұртшылықтың жүрегін...

ҚАЖ қызметкерлерінің ұжымдық рухты нығайту жұмысы

Ұжым – ортақ мақсатты көздейтін, бір-біріне қолдау көрсетіп, бірігіп...