Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері үгіт-насихат жұмысын жүргізуде

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №71 мекеме тәрбие және кадр жұмысы қызметкерлері Аксу аудандық пробация мамандарымен бірлесіп, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу бойынша үгіт-насихат іс-шараларын өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға академияның тарихы, оның білім беру мүмкіндіктері мен курсанттардың жоғары білім деңгейі туралы айтылды. Сондай-ақ, оқуға түсу тәртібі мен ережелері, ішкі істер органдарындағы қызмет ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.

Үгіт-насихат шаралары Ақсу ауданындағы алты орта мектеп пен бір колледжді қамтып, барлығы 300-ге жуық оқушы қатысты.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...