Тыйым салынған заттарды мемлекет кірісіне тапсыру туралы

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінде 2024 жылы жедел-режимдік іс-шараларды өткізу шеңберінде мекеме аумағына мобильді құрылғыларды жасырын түрде кіргізу  әрекетінің 26 дерегі тоқтатылған. 

Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарын орындау мақсатында 2025 жыл қаңтар айында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ашық сот отырысында режим бөлім қызметкерлерінің мекеменің ішкі тәртіп ережелерінде көзделмеген тәркіленіп алынған ұялы телефондар мен SIM карталарды мемлекет кірісіне айналдыру туралы ұсынысы қаралды.  ҚР ҚАК-нің 98-бабын Басшылыққа ала отырып, сот режим бөлім қызметкерлерінің тыйым салынған заттарды мемлекет кірісіне тапсыру туралы ұсынысын қанағаттандырды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...