12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Зорлық-зомбылыққа қарсы: Қамаудағылардың құқықтарын қорғау»

2025 жылғы 3 ақпан күні Астана қаласының адам құқықтары жөніндегі өкілі Баян Өмірзаққызы Жалмағанбетова №64 тергеу изоляторының басшылығымен бірге тергеу абақтысына қамалған азаматтарды қабылдап, режимдік корпусында, соның ішінде әйелдер бөлімінде мониторинг жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – адам құқықтарының сақталуын бақылау, қамаудағылардың тұрмыс жағдайын жақсарту, сондай-ақ олардың құқықтық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету болды. Сонымен қатар Баян Өмірзаққызы және №64 тергеу изоляторының өкілдері режимдік корпустарды, оның ішінде әйелдер бөлімін тексерді. Қамаудағы әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары, яғни медициналық қызмет көрсету және әлеуметтік реабилитация мәселелері ерекше назарға алынды. Шара аясында зорлық-зомбылыққа қарсы акцияға орай құқықтық сағат өткізілді. Бұл құқықтық сағат азаматтардың құқықтары туралы ақпаратты арттыру және зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша консультациялар алу мүмкіндігі болды. Іс-шара барысында әйелдерге, балаларға және қамаудағыларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тергеу изоляторында отырған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігі көтерілді, бұл олардың құқықтық нормаларды түсінуі мен бейімделуіне ықпал етеді.

«Против насилия: защита прав арестованных в следственном изоляторе»

3 февраля 2025 года Представитель по правам человека по...

Реализация плана «Пилотный проект»

31 января текущего года на базе прокуратуры Аршалынского района...

«Пилоттық жобаны» жүзеге асыру

Ағымдағы жылдың 31 қаңтардарда, Аршалы ауданы прокуроры А.Б Сулейменова...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайлары тексерілді

Құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында...

Қызылордада пробация есебіндегі жасөспірімдерге дзюдо күресінің әдіс- тәсілдері үйретілді

Қызылорда қалалық пробация қызметі есебіндегі сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар...