Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайлары тексерілді

Құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі мен қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған балалардың тұрғылықты мекенжайларына тексеру жұмыстарын жүргізді.
Күшейтілген кестеге сәйкес жүргізілген рейд барысында ҚПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ-ры полиция капитаны Р. Арынғазиева және пробация инспекторы, әділет лейтенанты М.Жұмабеков жасөспірімдердің үйлерін аралап, олардың тұрмыс жағдайымен танысты. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың кешкі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруінің алдын алу, құқықбұзушылықтың орын алмауын қадағалау мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тәртіп сақшылары пробация есебіндегі жасөспірімдер мен ата-аналарға заң талаптарын түсіндіріп, түнгі уақытта балалардың көшеде жүруіне жол бермеу, зиянды әрекеттерден аулақ болу және қауіпсіздікті сақтау жөнінде кеңестер берді. Мұндай шаралар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, олардың қоғамға бейімделуіне және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...