«Босатылғаннан кейінгі өмірім» атты тренинг

Қызылорда облысы ҚАЖД №60 мекемесінің психолог мамандары жазасын өтеп жатқан сотталғандарға босатылғаннан кейінгі сәтті әлеуметтік бейімделуге дайындауға бағытталған оңалту бағдарламаларына ерекше назар аударып, қарқынды жұмыстар атқаруда. Психологтар өзін-өзі дамытудың маңыздылығына және түзеу мекемелерінің қабырғаларынан тыс жаңа өмір құру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға, сонымен қатар сотталғандардың психоэмоционалды жағдайын жақсартуға ғана емес, қайталану деңгейін төмендетуге де ықпал етеді. 03.02.2025 жылы мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары бірлесіп сотталған азаматтар арасында «Бостандыққа психологиялық дайындық» тренинг сабағы өткізілді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтарды бостандық өмірге дайындай отырып, психопрофилактикалық сұхбат жүргізу.
Шара барысында психологиялық тренинг жаттығулары өткізіліп, сотталғандарға психологиялық қолдау көрсетілді. Сонымен қатар соттадғандарды қабылдау барысында, олармен қосымша қайталап қылмысқа жол бермеу, қоғамға бейімдеу тұрғысында сұқпат жүргізілгеннен соң, психологиялық тест жұмыстарын алды.
«Психологпен сұхбаттасу барысында өзімнің бостандыққа шыққандағы сәтті күндерді елестете отырып, өз мақсаттарымды нақтыладым. Бостандыққа шыққан соң, қайта қылмыс жасамаймын, өз күшіммен еңбек етіп, жаңа өмір бастаймын деген сенімдемін»,-дейді сотталған А-деген азамат.

№60 мекеме баспасөз қызметі

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...