Алмалы ауданының комьюнити орталығында жастар арасында «Almaly night»  интеллектуалды ойыны өтті

Алмалы ауданының комьюнити орталығында жастар арасында ерекше «Almaly night» интеллектуалды ойыны өтті. Бұл шара мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастардың интеллектуалды қабілеттерін арттыру және бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылды. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткізілуде.

Ойынға қала жастарының арасынан 10 команда қатысып, білім, логика және тапқырлық бойынша өзара сайысқа түсті. Әр команда шеберлік пен ынтымақтастық танытып, түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беруге тырысты. Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Almaly night» ойыны дәстүрлі түрде әр апта сайын өткізіледі, ал оған қатысуға ниет білдіруші жастардың қатары күннен-күнге артып келеді.

— Бұл шара тек сайыс емес, сонымен қатар жастардың білім көкжиегін кеңейтетін, жаңа идеялар мен достар табуға мүмкіндік беретін орта. Әр ойын сайын біз түрлі тақырыптарды таңдап, оны қызықты әрі тартымды етуге тырысамыз, деп бөлісті Алмалыкомьюнити орталығының жетекшісі Анарбаева Бағдат. 

Ойын соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мұндай шаралар жастар арасында шығармашылық және зияткерлік белсенділікті арттыруда маңызды рөл атқарады.

«Almaly night» ойыны алматылық жастардың танымал жобасына айналып, мемлекеттік тілді құрметтеуді дәріптеуде, сондай-ақ қоғамның белсенді мүшелерін тәрбиелеуде өз үлесін қосуда. Ұйымдастырушылар болашақта ойын ауқымын кеңейтіп, жаңа форматтар енгізуді жоспарлап отыр

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...