Алматыда жатақхана орындарының жетіспеушілігі қалай шешілуде

Алматы — Қазақстанның ең ірі студенттік орталығы, мұнда 35 жоғары оқу орны орналасқан, оларда шамамен 199 мың студент білім алуда, оның ішінде 124 мыңы — басқа қалалардан келгендер. Қалада 126 жатақхана жұмыс істейді, оның 88-і өз меншігінде, ал 38-і жалға алынған. Бұл жатақханаларда 40,3 мыңнан астам төсек-орын бар. Соңғы жылдары қалалық әкімшілік пен инвесторлардың белсенді жұмысының арқасында жатақханадағы орын тапшылығы 24,1 мың орынға дейін қысқарды. 2024 жылы 4 304 төсек-орынға арналған 16 жаңа нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде екі жоғары оқу орны 1 321 орын берді, оның 897-і қайта жаңарту арқылы және 424-і жаңа құрылыс арқылы қамтамасыз етілді. Қалған 14 нысан инвесторлардан алынған, олар 2 983 төсек-орын қосты, оның 1 943-і қайта жаңартудан, ал 1 040-ы жаңа құрылыс арқылы іске қосылды.

Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2025 жылы 8 977 төсек-орынға арналған 13 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 7 165 орынды бес жоғары оқу орны қамтамасыз етеді, ал тағы 1 812 орынды жеке инвесторлар қосады. Ұзақ мерзімді перспективада 2026 жылы 27 098 төсек-орынға арналған 26 нысан пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта 36 075 төсек-орынға арналған 39 нысан бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 37 нысан жаңадан салынып, екеуі қайта жаңартылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе жұмыс істеп тұр. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті Алматы қаласында жатақханалар құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау. Жобалық кеңсе ашылғаннан бастап 120 әлеуетті инвестор жүгінген.

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...