12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

 Сот жүйесіндегі қызмет жағдайында шешім қабылдау

      Сот жүйесіндегі қазіргі жаңарған талаптар сот жұмысын ашық әрі айқын етіп көрсетіп отыр. Сот ғимаратына өздерінің тұрмыстағы тауқыметі мен ауыр зардаптарын, проблемаларын шешу үшін келетін келуші азаматтар мен талап қоюшылар үшін бүгінгі  таңдағы сот кеңсесіндегі жаңарған жұмыс әдісі, ол фронт-офис, бұл жерде сот мамандары өте қарапайым тілде, қарапайымдылық қарым –қатынаста, ашық әрі айқын сенімді түрде түсіндіріп ақпарат береді. Қазіргі уақытта сот басшылары мамандардың өзіін ұстауы, сөз сөйлеу кезінде байыпты түрде болып, келген адамның талап-тілектерін мұқият әрі сабырлы тыңдай білуі, халықпен арадағы ашық қарым-қатынаста мәдениетті, қарапайым, айқын мақсатта болуды талап етіп қойып отыр. Бұл әдіс кеңсе мамандарының жұмысын жеңілдетіп отыр, атап айтқанда жылдамдық, ұзақ жүріске салмау, уақытты үнемдеу, әуре-сарсаңға өзі де өзгені де түсірмеу, дәл уақытында мүмкіндігінше қарапайым шешім қабылдау, заңның талаптарын басты назарға алып сауатты талап жасай білу және жауап бере білу қажеттілігін баса назарға  алған. Менің ойымша адамдардың арасындағы қарым-қатынас : мейлі ол әріптестер арасындағы, мейлі халықпен арадағы болсын,  жұмыс жасағанда шешім қабылдау үшін өте маңызды. Осы басымдылық көрсетіп отырған әдіс:  қарапайымдылық пен ашықтық, айқындық, сабырлылық, мәдениеттілік қасиеттерін танытудың өзі жұмыста өте тиімді шешім қабылдауға зор үлесін қосып, ақпарат алудың көзі болып табылады. Ұжымда әріптестер арасында бір бағыт, бір бағдар болып, бірлесіп отырып бір шешімге келіп, бір-біріне адал болып жаны ашып, көмекке келсе – осылардың барлығы жұмыста қарапайым болуды қалыптастырып, айқын шешім  қабылдауға септігін тигізетіні анық.

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.

      Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.

      Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.

      Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді.

      Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

      Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;

      2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;

      3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;

      4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;

      5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;

      6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

     Жылдар бойы жинаған еңбегіміздің жемісін қастерлеп және күнделікті жұмыста бірге шешім қабылдап жүрген бір-бірімізге сыпайылық көрсетіп еңбектегі жетістіктерімізді бағалап жүрейікші. Келушілердің біздің сот қызметкерлеріне деген сенімділігі артса, яғни қарапайымдылық қасиеттер биік жетістікке жету үшін үміт күттіреді.

М. Жанпеисова, Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық соты әкімшісінің

бас маманы

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту

Еліміз тәуелсіздік алғалы көптеген табыстарға қол жеткізді, оның ішінде...

Түркістан облысындағы мопедтерді тіркеу: алғашқы тұрғын құжаттарын рәсімдеді

Түркістан облысында пилоттық жоба аясында Кентау қаласының тұрғыны тіркелген...

ПОЛИЦЕЙЛЕР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚТАН ҮЛКЕН ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАДЫ

Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлеріне...