Қызылордада пробация есебіндегі 8 азамат жұмысқа жолдама алды

Қызылорда қаласында пробация есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу және жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін қалалық пробация қызметінің есебіндегі 8 сотталған азамат квота арқылы жұмысқа жолдама алды.
Қызылорда қаласы әкімдігі бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде тіркеуде тұрған тұлғаларға қолдау көрсетуді мақсат етіп, арнайы 42 жұмыс орнына квота бөлген. Бұл бастама олардың өмірге деген құлшынысын арттырып, қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік береді.
-Жұмысқа орналасып, өмірімді қайта бастауға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Қателік жасағанымды түсіндім және енді адал еңбек етуге тырысамын. Бұл – мен үшін үлкен мүмкіндік. Пробация қызметінен әлеуметтік және құқықтық көмектер аламыз. Бүгін міне жұмысқа тұруға жолдама алдым,-деді есептегі азамат.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...