Сотта шара өтті

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына осы сот төрағасының міндетін атқарушы А.А.Абдуллина, судьясы Ж.А.Сұлтанова, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.А.Жанасова, сонымен қатар, прокуратура, әділет, мемлекеттік кірістер органдарының, әкімдіктің және басқа да мемлекеттік мекеме өкілдері, адвокаттар мен заң консультанттары қатысты.
Судьялар сот процестерінде мемлекеттік тілді қолданудың негізгі аспектілеріне, оның қоғамның құқықтық мәдениетін нығайтудағы рөлі туралы айта келіп, әкімшілік сот ісін жүргізуде туындайтын мәселелерді қозғады. Шараға қатысып отырған адвокаттар мен заң консультанттарына сотқа қазақ тілінде берілетін әкімшілік талап қоюлардың санын арттыру жөнінде ұсыныс айтылды.
Облыстық тіл басқармасының өкілі облыс бойынша қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бойынша атқарылып жатырған іс-шаралар жөнінде баяндама жасады.
Шара соңында қатысушылар мемлекеттк тілді қолдануды кеңейтудің тиімді жолдарын, азаматтардың мемлекеттік тілде құқықтық көмек алу мүмкіндігін талқылады.

Анар Шекенова, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы

Запускается республиканский IT Quest

В Год цифровизации и искусственного интеллекта в Казахстане стартует...

Республикалық IT Quest квесті іске қосылады

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда технологиялар, ЖИ...

В женской колонии области Абай проведён тренинг «Сила в единстве»

В женской колонии УИС по области Абай для сотрудников...

Заң мен тәртіп – мемлекеттіліктің берік іргетасы

Кез келген өркениетті қоғамның өміршеңдігі мен тұрақтылығы оның құқықтық...

Адам саулығы жолындағы адал еңбек

Медицина - тек мамандық емес, ол үлкен жауапкершілік пен...