Қызылорда облысында сотталған азамат некесін қиды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 37 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат заңды түрде некесін қиып, өзінің өмірінде маңызды қадам жасады.

Некені қию рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілді. Сотталған азамат мекеме заңгеріне некеге тұру туралы өтініш білдіріп, қажетті құжаттарды ресімдеген.
Мекеме заңгері қалалық АХАЖ қызметі арқылы сотталғанға неке қию куәлігін табыстады. — — “Отбасы – адам өміріндегі негізгі құндылықтардың бірі. Жазасын өтеп жатқан азаматтың отбасын құруға деген талпынысы оның өмірінде оң өзгерістердің басталғанын көрсетеді. Мұндай оқиғалар сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне, өмірге жаңаша көзқараспен қарауына үлкен септігін тигізеді. Біз үшін басты мақсат – сотталғандарды тәрбиелеу, олардың қателіктерін түсініп, жаңа өмірге қадам басуына мүмкіндік беру. Бұл неке – сол мақсатқа жетудің бір айғағы деп білеміз,” – деді мекеме заңгері Жалғас Есмаханов.
Бүгін мен үшін өте қуанышты күн. Мен некемді қидым, енді менің отбасым бар. Бұл қадам маған болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Жасаған қателіктерім үшін өкінемін. Ендігі мақсатым – түзеліп, жақындарыма лайықты тірек болу.
Бұл мүмкіндікті сыйлағаны үшін мекеме қызметкерлеріне және маған сенім артқан қалыңдығыма алғысым шексіз. Мен болашақта тек жақсы істермен көзге түсіп, отбасыма адал болып, қайтадан толыққанды қоғам мүшесі болуға талпынамын,” – деді сотталған азамат.

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...