12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

             Іс жүргізуде сала бағыты бойынша термин сөздікті пайдалана білу

       «Адам қызметінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та сол салалардың әрқайсысының өзіне тән ұғымдар жүйесі болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары да ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіп тұруы қажет. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Олардың әрбірі өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан да жүйелеуді қажет етеді» деп «Қазақ терминологиясы» кітабының кіріспе сөзі басталған.

     Сонымен қатар кіріспеде мұндай қажеттіліктерді өтеп, термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу, жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми –техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу –өзекті мәселеле екенін және ұлт тілінде термин жасап, ғылыми –техникалық терминологияны ұлт негізінде қалыптастыру үшін термин шығармашылығында  іске қосылатын амал –тәсілдер мен термин жасауда пайдаланылатын ішкі көздерді айқындап, оларды өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы айрықша екенін атап өткен.

     Сот жүйесінде де көптеген терминді сөздерді қолдану жетіп, артылады. Сонымен қатар терминді сөздерді қолдану кезінде оның дұрыстығына да көз жеткізіп, қолданудың өзі, термин сөздіктерді пайдалануға бағыттайды.

    «Құқық саласының терминдер сөздігі» кітабында «Тілдік құралымызды жетілдірудің бір арнасы –сөздік жасаудың әрқилы жолдары, тәсілдері бар, олар – белгілі бір сөздің мағына –мәнін түсіндіру, нақпа –нақ ұғымын беру, баламалы нұсқасына негіздеу екені және белгілі бір норманың зағдық өлшемін жоғалтып алмас үшін өз тіліңде  қолданылатын сөздің әдеби нормасын оның заң ұғымы нормасымен ұштастыра білу үшін заң мәтінімен жұмыс істеуші маманның әр тілді жақсы білуі, белгілі бір дәрежеде сөз болып отыратын заң нысанасынан толық хабардар  болуы шарт» деп алғы сөз бастамасында көрсетілген.

     Сондықтан іс жүргізу кезінде сөз қорымызды толықтырып, қалыптасқан термин сөздердің бағытына аса көңіл бөлінуде.

                             Орынай Сагинбаева, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                        істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының   

                            бас маман –сот отырыс хатшысы

Как в Алматы решается вопрос нехватки мест в общежитиях

Алматы — крупнейший студенческий центр Казахстана, где базируются 35...

Алматыда жатақхана орындарының жетіспеушілігі қалай шешілуде

Алматы — Қазақстанның ең ірі студенттік орталығы, мұнда 35...

АЛМАТЫ ЕРІКТІЛЕРІ ЖЫЛДЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕРМЕН БАСТАДЫ

Қаңтардың соңғы күндерінде Алматыны қалың қар басып, нағыз қысқы...

ҚАЖД-нің №11 мекемесінде есірткіге қарсы шара өтті

               2024 жылғы 27 желтоқсандағы Мемлекет басшысы «Қазақстан...