Ашу –дұшпан, ақыл –дос…

    Әр ата –ана өз баласының қылмыстық іс-әрекет жасап, істі болуын қаламайды.Ол үшін баланың тәрбиелі болып өсіп, жетілуі үшін ең басты бағыттарды ұстаным ету керек.

    «Шындық бар жерде –өтірік байқап жүреді, шындық жоқ жерде – шіреніп, шайқап жүреді», «Шындық жоқ жерде –сұмдық көп», шындықты ұстанғандар кісілік қасиетімен, абыроймен жүретіндер. Сондықтан баланы кішкентай кезден бастап өтірік айтпай, шыншылдыққа тәрбиелеп, өсіру. Шынайылық адамның адамгершілік қасиетін аша түседі.

      «Ашу –дұшпан, ақыл –дос, Ақылыңа ақыл қос» деп, ашудың арты үлкен қателікке әкеліп, кәмелетке толмағандардың ашу үстінде жасаған қылмыстық істері болашағына көлеңке түсіріп, ата –аналары балалары үшін жауапқа тартылуда. Сондықтан жасөспірімдерге «Жауапкершілік» деген тек сөз емес, ол –ер азаматтардың «Абыройлы азамат» деген атақты игеріп, ақылымен игі істерге жұмсағандары екенін жетік түсіндірген дұрыс.

     «Жасы кіші ініні, ақылы артса аға тұт, Жасы үлкен ағаны, жақсы сыйлап, жаға тұт» деп, отбасында ағаның да, інінің де бір –біріне деген сыйластықты құрметтеуге баулудың өзі, үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық.      Қылмысты іспен өз өмірлерін ойран еткен жасөспірімдер қатарына қосылушылар санын мүлдем жою үшін, барлығымыз бірігіп, тәрбие жолына аса көңіл бөлуіміз керек.

      Тәртібі мықты отбасының балалары  түнгі, беймезгіл кезде жанжал іздеп шықпайды. Дұрыс кітаптарды оқып, үнемі өзін –өзі дамытып, жетілдіру үстінде өскен баланың болашағы да жарқын, анық болады. «Оң қолың ұрыс бастаса, Сол қолың арашашы болсын» деген нақыл сөзді естен шығармай, ақсақалдардан қалған сөз «Күш білекте емес, жүректе» екенін ескеріп, барлығын ақылға салып, жасөспірімдерге сабырлы болуды үйретіп өсіру керек.

     Ата –ана мейіріміне мұқтаж балалар өз емін ұялы телефондағы әлеуметтік желімен емдеп, ішіне кіріп, сарапталмаған, сүзгіден өткізілмеген ақпараттармен өсіп, бұрыс –дұрыстарын айыра алмай, теріс жолға бағыт бұруы мүмкін. Сондықтан әр отбасында даналық сөздер, мағыналы, саналы сөздер айтылып, әдемі, әдепті істерімен бекітілсе, баланың сол бағытты ұстаным ететіні анық.

                                Г. Ходжабекова, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                                   істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

                                        сотының жетекші маманы   

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...