Полицейлер 400 келіге жуық есірткі тәркіледі

Полиция Түркістан облысының аумағында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру аясында басқа құзыретті органдармен бірлесіп, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде облыс полицейлері 665 есірткі қылмысының жолын кесіп, заңсыз айналымнан 400 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледі.

Мәселен жедел уәкілдер Ордабасы ауданында медициналық мекеменің күзетшісін ұстады. Оның көлігінен 2400-ден астам «Трамадол» таблеткалары тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал жыл басынан бері заңсыз айналымнан 4 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Яғни полиция «синтетиканың» 8700 дозасының таралуына жол бермеді деген сөз.

Полицейлер интернет желісіне мониторинг жүргізу барысында «киберқадағалау» жүйесінің көмегімен 153 есірткі сайтын анықтап, бұғаттады. Айта кетсек, қылмыскерлер көбінесе тыйым салынған заттарды тарату үшін «telegram»-да немесе түрлі сайттарда чат-боттар арқылы жұмыс ұсынады.

Құқықтық сананың төмендігіне байланысты жастар «жеңіл ақшаға» үміттеніп, есірткі таратушылардың тұзағына түседі, соңында жауапқа тартылуда. Осы ретте полиция есірткі жасырып «қойып кетті» деген күдікпен 30-дан астам жасты ұстады.

Тәртіп сақшылары нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы іс-шараларды үздіксіз ұйымдастыруда. Республика бойынша полицияның бастамасы бойынша «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» сияқты 7 мыңнан астам іс-шаралар мен акциялар өткізіледі.

Іс-шара барысында облыс полицейлері белгілі спортшылар, әншілер, қоғам қайраткерлері және халық қалаулыларын қатыстырып, дене саулығын сақтауға және есірткіден бас тартуға шақырып, түрлі форумдар мен челлендждер жасауда.
Оған 50 мыңнан астам студент пен жергілікті тұрғындар қатысты. Бұл бағыттағы полиция жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Өз кезегінде полицейлер нашақорлықтың алдын алу мен есірткі қылмысына қарсы күрес бірлескен күш-жігерді қажет ететінін атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....