12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында алғашқы донорлық операция жасалды

2025 жылдың қаңтар айында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында Алматы облысында алғашқы донорлық операция сәтті жасалды.
Клиника мамандары бас миының өлімі диагнозы анықталған 46 жасар ер азаматқа донорлық процесс ұйымдастырды. Бұл процесс донордың туыстарынан органдарды алуға келісім алғаннан кейін жүзеге асырылды. Операция кезінде екі бүйрек, жүрек, өкпе және екі көздің қабығы алынды.
Бұл операция Қазақстан трансплантология саласындағы маңызды оқиға болды. Операцияны сәтті жүргізуде шешуші рөл атқарған трансплантолог дәрігерлердің жоғары біліктілігі мен кәсібилігін көрсетті.
«Донор болу-жаңа өмірге мүмкіндік беру. Қазіргі уақытта трансплантацияға мұқтаж адамдар саны артып келеді. Донор болуға бел буған адамдар өмірді сақтап қалуға көмектеседі және оған мұқтаж жандарға үміт береді», — дейді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы.

Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй қоры ұлғаюда

2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін...

Мерекелік іс-шара

79 түзеу мекемесінде сотталғандар арасында әлемге әйгілі әнші, композитор...

Кассациялық соттардың құрылуы – құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі жаңа қадамы 

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...