12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері тергеу изоляторына барды

Қызылорда облысы бойынша Қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторына барып, арнайы контингентпен кездесті. Комиссия өкілдері сотталғандардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің қамтамасыз етілу жағдайын тексерді. Оларды ұстау жағдайлары, медициналық-санитариялық қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылуы және олардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері болды.
Кездесу барысында қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері сотталғандарды жеке қабылдап, олардың сауалдарына жауап берді. Сотталғандар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Сотталғандарды жеке қабылдау – олардың құқықтары мен қажеттіліктерін анықтауға, сонымен қатар сотталғандардың ұсыныстары мен шағымдарын ескеруге мүмкіндік береді.
Қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері мұндай тексерістер алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетінін, олардың негізгі мақсаты сотталғандардың құқықтарын сақтау және олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету екенін атап өтті.

Флешмоб «Сердце колледжа»

2 октября в колледже при учреждении №79 в рамках...

«Колледж жүрегі» флешмобы өтті

2 қазан күні №79 мекеме жанындағы колледжде Қазакстан Республикасының...

В День учителя – встреча выпускника и наставника

В честь профессионального праздника – Дня учителя – старший...

Учитель и мать — гордость семьи и общества

В преддверии Дня учителя и Дня пожилых людей коллектив...