Барлық азаматтар, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша кеңес алу немесе қызмет көрсетушілердің сапасыз жұмысын шағымдану үшін е-отиниш платформасын пайдалана алады. Азаматтар онлайн форматта, өздеріне ыңғайлы уақытта, мемлекеттік органдарға, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына, басқа қызмет көрсетушілерге немесе Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментіне өз өтініштерін электронды түрде жібере алады.
Мысалы, 2024 жылы е-өтініш платформасына 900-ден астам өтініш келіп түскен, соның ішінде өтініштер, шағымдар, ұсыныстар болды. Барлық өтініштер бойынша тиісті әкімшілік актілер қабылданды.
Қазіргі уақытта жаңа технологиялар енгізілді, олар Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері тарапынан белсенді түрде қолданылуда. Телеграмм арнасында EgovKzBot 2.0 сервисі құрылды. Бұл азаматтардың өтініштерін қабылдайтын жаңа алаң, сондай-ақ, өтініштерді тиісті ведомстволарға жедел түрде бағыттауға, өзекті мәселелер бойынша уәкілетті органмен кеңес алуға мүмкіндік береді.
Алматы қаласында 2024 жылдың екінші жартыжылдығында 240-тан астам өтініш түсті. Өтініштерге жауаптар арнада 24 сағат ішінде беріліп, уақтылы шешім қабылдануы тиіс.
Бұл бот мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін шешуге көмектеседі. Мысалы, осы арна арқылы азаматтар анықтамалар алу үшін өтініш бере алады, мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізімін біле алады, ХҚКО-на кезек брондауға және басқа да жиі кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.
Өтініштер әр түрлі бағытта болады: азаматтардың ХҚКО қызметтерімен, паспорттар мен куәліктер алу, қызмет көрсетушілердің қабылдаған бас тартуларына қатысты мәселелері т.б. 2024 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша 26 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, ал жалпы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 70 азаматтың мәселесі шешілді.
2025 жылдың басында 49 өтініш келіп түсті, олардың құқықтарын қалпына келтіру үшін шаралар қабылданып жатыр.
Мысалы, бір азамат жүргізуші куәлігін алу үшін сынақ тапсыруға жазылған, бірақ дер кезінде келе алмай қалған. Ол ақша қаражатын қайтаруды талап етті. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет департаменті мен ХҚКО қызметкерлері бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.
Тағы бір мысал: азаматша К. ХҚКО қызметкерінің мүгедек баласының құжаттарын қабылдаудан бас тартқанына шағымданды, бұл жағдайда баланың анасы баланы алып келуге міндетті деп түсіндірілген болатын. Ата-аналар бұл жағдайға қанағаттанбады. Қабылданған шаралар нәтижесінде, қызмет көрсетуші тараптың әрекеті түзетіліп, баланың құжаттары қабылданды.
Айта кету керек, мемлекет мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және азаматтардың өтініштерін қарау бойынша маңызды жұмыс жүргізуде. Қызмет алушыларға арналған жеңілдіктер халықты қызметпен қамту сапасын арттыруға ықпал етіп, қызмет көрсетушілерді клиентке бағдарлануға, олардың қажеттіліктерін үнемі ескеріп, қызмет көрсету деңгейін арттыруға ынталандырады.
Шынарай Әлімхан Әлімханқызы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы