Қызылордада «Қақпа алдында кездесу» жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінен жазасын өтеу мерзімі аяқталған бір сотталған азамат бостандыққа шықты. «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында аталған азаматтың қоғамға қайта бейімделуіне арналған арнайы іс-шара өтті.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – бостандыққа шыққан азаматтардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, олардың қоғамда лайықты орын тауып, қалыпты өмірге оралуына ықпал ету.
Іс-шараға пробация қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Олар сотталған азаматқа құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету бойынша кеңестер беріп, оның алдағы өмірге бейімделуіне қолдау көрсетті.
Мамандар азаматқа жұмысқа орналасу, тұрғылықты жерге тіркелу және құжаттарын қалпына келтіру сияқты маңызды мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берді.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...