Бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі – білікті, білімді және белсенді жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Жастар – кез келген елдің қозғаушы күші, ал олардың заманауи идеялары мен жігері мемлекеттік басқару жүйесіне тың серпін бере алады.
Мемлекеттік қызмет – бұл елдің дамуына үлес қосуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жауапты әрі құрметті сала.
Егер жастар мемлекеттік қызметке белсенді араласса, еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз. Осы мақсатта, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы филиалымен бірлесіп Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің ашылуын өткізді.
Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне іріктеудің бірінші кезеңінен жоғары оқу орындарының 20 студенті мен магистранты қабылданған болатын.
Жоба аясында қатысушылар Академия филиалында білім алып, мемлекеттік органдарда өз мамандықтарына сәйкес тәжірибеден өтеді. Бұл жобаның басты мақсаты – белсенді әрі дарынды жастарды мемлекеттік қызмет саласына тарту.
Мемлекеттік қызметті дамытудың тұжырымдамасының негізгі мақсаттарының бірі жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту үшін ынталандыру бағдарламаларын іске қосу және мемлекеттік қызметшілер үшін үздіксіз оқыту және кәсіби даму жүйесін қалыптастыру болып табылады. Қазіргі қоғамда жас мамандардың заманауи білімдері, креативті ойлау қабілеті және жаңа технологияларды меңгеруі мемлекеттік басқару жүйесін тиімдірек етудің басты қозғаушы күшіне айналуда.
Жастар мемлекеттік басқару жүйесіне серпін беріп, оны заманауи талаптарға сәйкестендіреді. Олар елдің болашағына тікелей ықпал ететін стратегиялық шешімдер қабылдауға қатыса алады. Сонымен қатар, жастардың белсенділігі мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен жауапкершілікті арттырады. Олардың білімдері мен идеялары мемлекеттік басқару жүйесін жаңа деңгейге көтереді. Жастарды осы салаға тарту арқылы біз болашаққа сенімді қадам жасай аламыз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманының м.а. Орынбекова Бағжан