Қызмет алушылардың көмегіне жаңа ақпараттық платформа іске асырылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Telegram мобильді қосымшасында  EgovKzBot 2.0 платформасын іске қосылды. Платформа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, сонымен қатар қызмет алушылар тарапынан туындаған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласында жыл басынан бастап, 231 шағымдары қаралды.

Өтініштерді зерделеу барысында, арызданушылардың көбі ХҚКО қызметкерлері бойынша шағымданғаны анықталды.

Құқығы қалпына келтірілгендерің жарқын мысалы:

 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша қызмет алушы М. тұрғылықты мекен – жайының өзгеруіне байланысты өтінім жіберген болатын. Алайда, базада техникалық ақауға байланысты өтінімі орындалмады. Телеграмм боттағы қызмет алушының өтінімі бойынша Департамент қызметкерлері  Алматы қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен сәйкес жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қызмет алушы өз аумағына жатпайтын емхананы таңдағаны анықталды. Түсіндірме жұмыстарынан кейін қызмет алушы М. қайтадан өтінім беріп, өз аумағына жататын емханаға тіркеліп қызмет алушының толық құқығы қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда, EgovKzBot 2.0 платформасының чат боты-азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдететін  және қолжетімжілікті аттыратын маңызды құрал болып табылады.

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...