Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД 2024 жылдың жұмысын қорытындылады

ҚАЖ Комитеті төрағасының міндетін атқарушы әділет полковнигі Абай Қайырбековтың басшылығымен өткен қорытынды жедел-қызметтік кеңеске Департаменттің жеке құрамы, ведомстволық бағынысты мекемелердің және пробация бөлімдерінің бастықтары қатысты.

Бірінші кезекте ҚАЖК басшысы Департамент бастығы әділет подполковнигі Рысбек Тұрғымбаевты таныстырды. Сонымен қатар, жеке құрамға ІІМ Министрінің жыл қорытындысы бойынша алқада айтылған тапсырмаларын жеткізді.

Жедел кеңес барысында қызметтердің 2024 жылғы 12 айдағы қызметінің қорытындылары шығарылды, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер белгіленіп, әр бағыттағы жетістіктер аталып, кемшіліктер талданды.

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарды, мекемелерге тыйым салынған заттардың өтуін және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдар тарапынан қайта қылмыстарды болдырмау жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі талқыланды.

Сонымен қатар, ҚАЖД бастығы Рысбек Тұрғымбаев қызметкерлердің заңдылықты сақтауына және кадрлық жұмысқа қабылдауды күшейтуге ерекше назар аударды.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...