«Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»шәкірттерін жаңа жылмен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінің қызметкерлері «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»шәкірттерін жаңа жылмен құттықтады. Жаңа жыл қарсаңында мекеме қызметкерлері «аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» барып жаңа жылдық сыйлықтар, ойын-сауық батутын сыйлады, балаларға тәттілер мен жемістер берілді.
Орталық бір ай бұрын ашылды, қазір біздің орталыққа 11 шәкірт келеді, оның ішінде 3 жастан 15 жасқа дейінгі алты бала және 18 бен 25 жас аралығындағы бес бала. Оңалту орталығына мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін медициналық, әлеуметтік, психологиялық және кәсіптік көмек көрсетеді, сондай-ақ сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға, мүгедектердің жалпы физикалық денсаулығын жақсартуға, денсаулық жағдайын қолдауға және жақсартуға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жақсартуға, оларды қоғамның толыққанды өміріне түрлі мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізе отырып дамытуға көмек көрсетіледі деп осы әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының инспекторы Динара Матжанова қысқаша орталық бойынша таныстырды.
«Жеміс-жидектер мен басқа да тәттілер, біз балаларды қуантатын аз нәрсе, оларға қамқорлық, сүйіспеншілік пен үлкен жүрек қажет. Ал осы ерекше балаларға назар аудару біздің игі дәстүрімізге айналды. Біз оларға қамқорлық жасап, қиын сәтте көмектесуіміз керек. Мұнда отырған әрбір бала, тіпті ересек адам да назарға мұқтаж, біз оның орнын толтыруға тырыстық. Бұл кездесу көңілді өтті, балаларға ерекше көңіл бөлінді «, — деп бөлісті тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Әсел Уаисова.

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...