Қызылорда да ҚАЖД №60 мекеме бастығы қызметкерлердің балаларына мерекелік іс-шара ұйымдастырды

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті №60 мекеме бастығы әділет подполковнигі М.Ө.Өтетлеуов жеке құрам қызметкерлерінің балаларына арнайы Жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды. Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткізілген мерекелік ертеңгілікті балалар мен оның ата-аналары бірге тамашалады. Іш шара барысында жаңа жылдың символына айналған Аяз ата мен Ақшақар мерекеге құттықтау тілектерін айтып, балалардың өнерлерін тамашалауға әзір екендігін білдірді.
Осыдан кейін қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары балаларға арнап әсерлі музыкалық «Түс әлеміне саяхат» атты мерекелік қойылым көрсетті. Сонымен қатар мерекеге дайындықпен келген бүлдіршіндер де әсем ән шырқап, мың бұралған билерін билеп, тақпақтарын айтты. Жаңа жылдық тосын сый мұнымен толастамай, мекеме тарапынан жеке құрам қызметкерлерінің балаларына арнайы әзірленген жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.
Жеке құрам қызметкерлері іс-шараны ұйымдастырған мекеме басшылығына үлкен алғыстарын білдірді.
Осынау атаулы мереке қарсаңында қызметкерлердің балаларының жүзіне күлкі сыйлай алғанымызға өте қуаныштымыз. Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күйді барынша көп бүлдіршін сезінсе дейміз. Жаңа жыл тек жақсылығымен келсін, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын деп іс шара соңында өз лебізін білдірді 60 мекеме бастығы әділет подполковнигі М.Ө.Өтетлеуов.

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...