Қылмыстық-атқару жүйесінде көптеген жылдар еңбек еткен ҚАЖ ардагерлері «Азаматтық қорғау Жоғарғы колледжі» колледжінің заң тобы студенттерімен «Адал
бол» акциясына қатысты.
Алаяқтық, парақорлық, бопсалау, пара мұның бәрінің түбі- ҚОРЛЫҚ. Мұндай әр түрлі оқиғаларды колледж студенттеріне
таратылған газет, журналдардан оқып көруге болады.
Студенттер тақырыпқа белсене қатысып, өздерінің сыбайлас
жемқорлық ұғымы бойынша мысалдарын айтып, білімдерін көрсетті.
Ардагер өз сөзінде, еңбегін 19жасында оқу бітіре сала бастағанын, 45жаста зейнеткер атанғанын айтты. Студенттер қызығушылықтарын тынытып, таң қалған эмоцияларын да жасырмады. -Сіздер әрқайсыңыз болашақ заң мамандық иегерісіздер, сондықтан қоғамдық мүдделер жеке
мүдделерден жоғары болуы керек, әдептілік пен адалдықпен еңбек ету арқылы ғана зейнетке шығып, адал еңбектің жемісін көруге болатынын атап өтті. Сондай-ақ жастарға жемқорлықтан, басқа да жаман кеселдерден аулақ болуға, адамгершілік пен адалдықты, мәдениетті сақтауға кеңес берді. Армандар орындалады..бәрі адал еңбектің арқасы деп түсіндіріп кетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша біздің еліміздің әрбір азаматы: «Адалдық- ұлттың рухани өзегі, қоғамның өмір сүру нормасы» формуласының маңыздылығын терең түсінуі керек деген тұжырым жасалды.


